Қалада заңсыз иемделген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі – Тәуке хан даңғылы, 43 “а” мекенжайындағы “Кең баба” этнопаркіндегі жертелімі.
Сот шешімімен мұнда заңсыз салынған ғимараттарды бұзу жұмыстары басталды. Жалпы аумағы 1294 шаршы метр жер мемлекетке қайтарылып, бастапқы қалпына келтіріледі.