Кең баба саябағындағы ағаштар енді мамандардың келісімімен ғана бұталады

1225
Кең баба саябағындағы ағаштар енді мамандардың келісімімен ғана бұталады

Шымкенттегі Кең баба саябағының өкілдері осы аумақта өсіп тұрған көп жылдық ағаштарды сақтап қалмақ. Бұл туралы саябақтың әкімшісі Әлімжан Алтынбеков хабарлады.

Шымкенттегі Кең баба саябағының басшылығы осындағы тал-дарақты сақтау мәселесіне ақыры нүкте қойды. Кейбірінің өсіп тұрғанына ғасырдан асып кеткен көп жылдық ағаштар енді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының келісімімен ғана бұталады. Яғни, қураған бұталарды қырқуға коммуналды шаруашылық мекемесінің қызметкерлері жұмылдырылады. Дегенмен, бұған дейін саябақта атқаратын жұмыс жетерлік.

Кең баба саябағындағы ағаштар енді мамандардың келісімімен ғана бұталады

Еске салайық, маусым айының ортасында осы саябақтан дау шықты. Оған себеп – саябақта өсіп тұрған көпжылдық ағаштардың дұрыс бұталмауы.

Бүгінгі таңда мұнда 100-ден аса тал өсіп тұр. Олар – емен, шынар, терек пен қарағаштар. Олардың біразын санитарлық тұрғыдан бұтау керек. Қураған бұталары кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін.

Айта кету керек, саябақ басшылары қураған бұталарды осы күзде қырықпақ. Дегенмен, бұл жұмыстар басталмай тұрып жауапты мамандар әр талды санап шығып, тізім жасауды ұйғарып отыр.