Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жұмысының маңызды бағыттарының бірі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны және зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша, қоршаған ортаға, санитарлық қорғау аймақтарына және санитарлық-қорғау аймақтарына физикалық факторлар, халықтың санитариялық — эпидемиологиялық саламаттылығы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қалпына келтіру, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату саласындағы нормативтік құқықтық актілерге шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларын беру тәртібін айқындайды.
Бюрократиялық әуре-сарсаңды болдырмау мақсатында Мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің «веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz белгіленген нысан бойынша өтініш, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтер ұсынылады.
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта, тегін негізде, заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға өтініш беруге де, оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік қызмет көрсетуді қадағалауға да, портал арқылы өзіне ыңғайлы жерлерде (үйде, жұмыста) мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға мүмкіндік беріледі.
Бұдан басқа, қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді және таныстырады.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы бұрын алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мүмкіндігі бар.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізілмей жүзеге асырылады:
— құжатта қателер анықталған;
— дара кәсіпкер – көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелсе, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерсе;
— көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда;
— объектінің орналасқан жерінің мекенжайы оның физикалық орын ауыстыруынсыз өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басым міндеттерінің бірі болып қала береді!
А.Станбекова,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы