Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкентке есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Алматы қаласында пәтер жалдап тұрған 24 жастағы шетел азаматы ұсталды. Ол синтетикалық есірткіні тұрмыстық техника ішіне жасырып, Шымкент қаласына жолдап отырған.
Ер адамнан жалпы 650 грамнан астам «синтетика» тәркіленді. Бұл құны шамамен 16 млн теңге болатын мыңға жуық дозалар. Қазіргі таңда жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды. Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.