EVRIKA өз тұтынушыларына 12 автокөлік сыйлады

Шымкенттегі EVRIKA тұрмыстық техника және электроника дүкені «жаңа жылдық 12 ғажайып» акциясын қорытты. Нәтижесінде 12 адам жаңа шетелдік көлік иегері атанды. Ал тағы 600 адам ең қажетті тұрмыстық техника мен электроникалық заттардың жеңімпазы атанды. Акцияға қатысудың басты шарты -50 мың теңгеден астам сомаға сауда жасау. Ұтысқа толы акцияға ел бойынша 55 мыңнан астам сатып алушы қатысты.

EVRIKA компаниясы өз тұтынушыларына 12 жаңа «Шевролет Кобальт» автокөлігін сыйлады. Бүгін дүкенде «Жаңа жылдық 12 ғажайып» акциясы қорытындыланды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 55 000-нан астам адам қатысқан. Науқан кезеңінде Evrika дүкендер желісі бойынша барығы 250 000-нан астам техника мен электроника сатылды.

Наталья Кудрявцева, EVRIKA компаниясының маркетинг жөніндегі директоры: «Акцияға қатысамын деген кез-келген тұтынушы «2022 жылдың 15 қарашасы мен 2023 жылдың 15 қаңтары аралығында 50 мың теңгеден жоғары сауда жасауы қажет еді. Чектегі әрбір 50 мың теңгемен біздің сатып алушы жаңа автокөліктің иесі болуға бір мүмкіндік алды. Ал биыл біз 600-ден астам техника мен 12 жаңа автомобиль ойнатып жатырмыз».

Бағы жанған жеңімпаздар кездейсоқ таңдау бағдарламасы арқылы анықталды. Сатып алушылар арасында алдымен тұрмыстық техника мен электроника, содан кейін 12 бас жүлде, яғни автокөліктер ойнатылды. Жеңімпаздармен байланыс барлық әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді. Ұтыс иегерлерінің көпшілігі алғашында жаңа көлік иесі атанғанына сенбеді.

Айта кетейік, бұл акцияға қатысқан барлық жеңімпаздың есімі EVRIKA компаниясының ресми сайтында жарияланған.

Алипаша Хинизов, EVRIKA дүкенінің директоры: «Біз жыл сайын сүйікті сатып алушыларымызға көлік сыйлайтын уақытта осындай акцияларды өткізуді дәстүрге айналдырдық. Менің ойымша, бұл дәстүр бізде ұзақ уақыт болады. Ал қатысу үшін біздің сайттарға кіріп, акцияларымыз туралы хабардар болып отрғаныңыз жөн. Қазір бізде кэшбекке байланысты өте жақсы акция жүріп жатыр. Бұл клиенттер үшін жоғары бонустар береді. Техниканы сатып алу арқылы олар бонус алады, ал бұл бонустарды келесі сатып алу кезінде жұмсауға және сол арақылы жеңілдікке қол жеткізуге болады».

Evrika – Қазақстандағы электроника және тұрмыстық техника нарығындағы жетекші компания. Бүгінгі таңда республика бойынша 27 дүкен бар. Сатып алушыларға сыйлық беру — EVRIKA компаниясының ерекше дәстүрі. Компания бұған дейін тұрақты тұтынушыларына пәтер мен көлік кілттерін, демалысқа жолдамалар, гаджеттер және тағы басқа сыйлықтар табыстаған. Алдағы уақытта дүкен сатып алушыларын «Жазғы драйв» акциясы және көптеген жаңа сыйлықтар күтеді.