“ДәмДәсTour” гастрономиялық фестивалі өтеді

фото ШӨКҚ
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 30 наурыз күні сағат 11.00-де Әл-Фараби алаңында өтетін “ДәмДәсTour” гастрономиялық фестиваліне шақырамыз!
Фестиваль аясында “Ең үздік палау”, “Ең үздік кәуап”, “Ең үздік самса”, және “Ең үздік қуырдақты” бірге анықтайтын боламыз.
Сонымен қатар, Қазақстандағы “Ең үлкен самсаның” әзірленуіне куә болып, Гастрорекорд жасайтын боламыз! Шымкент – Орта Азияның гастрономиялық астанасы атанбақ!
Фестиваль тек дәмді тағамдармен шектелмейді. Сіздерді шоу бизнес өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама, әуе шарларының әсем көрінісі, мотобайкерлер шеруі мен “Мото шоу”, спорттық автомобильдер көрмесі, қолөнершілер жәрмеңкесі және “Fire шоу” күтуде.
Өтетін орны: “Әл-Фараби” алаңы
Өтетін күні: 2025 жылғы 30 наурыз
Уақыты: 11.00-21.00