8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Отырар» телеарнасында тікелей эфирде «Ғажайып сегіздік» мерекелік жобасы өтті. Үш сағаттан астам уақытқа созылған эфир барысында көрермендер арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беріп, демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды. Жобаның бас жүлдесі – автоматты кір жуғыш машина.
Мәдина Шенебаева – «Отырар» телеарнасының тұрақты көрермені. Қала тұрғыны сүйікті арнасы ұйымдастыратын байқаулар мен жобаларға үнемі белсене қатысады. Биыл 8 наурызда ол «Отырар» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Ғажайып сегіздік» мерекелік жобасына қатысып, жүлдегер атанды.
Мәдина Шенебаева, қала тұрғыны: «Отырар» телеарнасын үнемі көреміз. Байқаулар болса қатысып отырамыз. Өткен жолы теңгеге қатысты сұраққа жауап беріп екі билет ұтып лдым. Бұл жолы 15 мың теңгенің сертификатын және қызым вафельница ұтып алды. Рахмет «Отырар» телеарнасының ұжымына шығармашылық табыс тілейміз».
Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз – халықаралық әйелдер мейрамына орай «Отырар» телеарнасы тікелей эфирде ерекше мерекелік жоба – «Ғажайып сегіздікті» ұйымдастырды.
Көрермендерге жарқын эмоциялар, тосын сыйлар және керемет көңіл-күй сыйлаған бұл жоба қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Тікелей эфир барысында сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендерге демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтар табысталды.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, сұрақтардың басым бөлігі нәзік жандыларға қатысты болды. Бас жүлде – автоматты кір жуғыш машина! Сонымен қатар, ерекше тілек жолдаған ханымдар да тосын сыйларға ие болды.
«Ғажайып сегіздік» мерекелік жобасының жүзеге асуына бірқатар демеушілер қолдау көрсетті. Атап айтқанда: IZYMU сауда желісі, «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты, GRAMAD сауда желісі, Флебология және лазерлік медицина клиникасы, «Vanellie» кондитерлер желісі және «Олжа» сағат және тұрмыстық техника дүкені.
Жоба шарттарын орындаған көрермендер қызықты ұтыс ойынына қатысып, кинотеатрға және Шымкент циркіне билеттер ұтып алды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
«Ғажайып сегіздік» – «Отырар» телеарнасының соңғы мерекелік жобасы емес. Дәстүр бойынша, арнаның шығармашылық тобы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай да ерекше бағдарлама дайындауда. Сондықтан, әр шаңырақта «Отырар» қосулы болсын. Сүйікті арнаңыз сіздерді әлі талай қызықты жобалармен таңғалдырып, ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.
Ұмытпаңыз: «Отырар» – сіздің телеарнаңыз!
Шынар Оразова