Әріптестер құрметке бөленді

448
Сарбиназ Алдабергенова арнайы алғыс хатқа ие болды

Оңтүстікте БАҚ өкілдерінің төл мерекесін жоғары деңгейде аталып өтті. Осы орайда, «Отырар» телеарнасы мен «Рабат» және «Оңтүстік «Рабат» газеттерінің тілшілері де құрметке бөленді. Алтын мамандықты арқалаған әріптестеріміздің бірқатарын тығыз байланыста қызмет ететін мекемелер  арнайы алғыс хатпен марапаттады. Спорт редакциясының редакторы Сарбиназ Алдабергенованы «Ордабасы» футбол клубы, «Қыран» футбол клубы, Шымкент қалалық спорт бөлімі мен облыстық дене тәрбие және спорт басқармасы арнайы келіп құттықтады.

Сарбиназ Алдабергенова арнайы алғыс хатқа ие болды
Сарбиназ Алдабергенова арнайы алғыс хатқа ие болды

Арнамыздың тілшісі Ардақ Жақсылықова мен Виталий Мантровты  қалалық мәслихат мерекемен құттықтап, алғыс хат тапсырды. Қаламы қарымды тілші Мақпал Ыбырайым да марапаттан шет қалмады. Әріптесімізге облыстық кәсіпкерлер орталығы мен «НұрОтан» ОҚОФ -ның басшылығы сый-сыяпатын табыстады.

Жастар редакциясының тілшісі Мөлдір Бекеева облыстық мәдениет және облыстық тілдерді дамыту басқармаларының арнайы алғыс хатына ие болды. Динара Бекболаева, Ернар Балабек – тілшілермен қатар, арнамыздың бас редакторы Зәуре Оралбаева, «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жәмила Мамырәлі  және таспагер Ильдар Жүнісханов облыстық прокуратураның тартуын алды.

Әрдайым арнайы сый емес, елдің ықаласына тойып жүретін тілшілерге тек шығармашылық табыс тілейміз! Қаламдарыңыз мұқалмасын! Елдің артқан сенімін ақтай беріңіздер деген тілегімізді арнаймыз!