Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. У. ҚК-нің 345-1 бабының 3-бөлігімен (көлік құралдарын басқаратын адамның алкогольден масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, яғни абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) айып тағылған.
Сотталушы 2024 жылдың қараша айында автокөлігін Шымкент қаласы Сатыбалдиев көшесі бойымен масаң күйде басқарып, автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, жолдың бойында тоқтап тұрған автобустың артқы бөлігіне соғылып, нәтижесінде көлігіндегі жасы кәмелетке толмаған жолаушы И. абайсызда алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған, ал екінші жолаушы М. «жеңіл» дене жарақаттарын алған.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі сотталушыға заңды шара көруді сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіруін ескерді, ауырлататын мән-жай анықталмады.
Сот, У.-ды ҚК-нің 345-1 бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, оны 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.