Полицейлер мас күйінде көлік жүргізудің 53 фактісін анықтады

41
фото ТО ПД

Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, «ізін суытпай» 180-нен астам қылмысты ашты. Есірткі құралдарын тасымалдау мен сақтаудың 18 фактісінің жолын кесті.

Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс барысында 11026 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 950 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 929 фактісі анықталды. Тұрғылықты жері бойынша бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған 12 967 адам тексерілді.
Полицейлер жол қауіпсіздігі бойынша мас күйінде көлік жүргізудің 53 фактісін анықтады. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 30-дан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
▫️Сондай-ақ полицейлер құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мақсатында өткізіледі.