Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады

Креативті индустрияның күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстары да жоқ емес-тұғын бұрын. Енді елімізде креативті индустрияны дамыту қоры құрылатын болады. Жаңа жоба білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде бастауын алмақ. Қор аталмыш салаға венчурлық инвестицияларды дамытумен де айналысады. Осыған орай жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражат берілетін болады. Бурабай төрінде өткен ұлттық құрылтайда креативті индустрияны дамытуға қатысты көптеген бастамалар айтылды. 

Бурабайда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы «ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек»,-деді. Бүгінде 143 мыңан астам адам креативті индустрия саласында еңбек етеді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта біршама өсуі мүмкін. Өйткені саланы дамытуға көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Жиында тағы қандай мәселелер көтерілді?

Креативті индустрияның ел экономикасындағы үлесін 2 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Ол үшін креативті индустрияға бөлінетін қаржыны ұлғайтып, жан-жақты дамыту және оның экспортын арттыру көзделіп отыр. Бүгінде аталған салада 143 600 адам еңбек етеді. 12 бағыт бойынша жұмыс істейтін креативті индустрияның 43 түрлі экономикалық қызмет көрестетінін де атап өткен жөн. Бұл жерде бір мәселе бар, бүгінде креативті индустрия субъектілерінің 50 пайызы Астана мен Алматыда орналасқан. Сондықтан оны басқа да өңірлерде дамыту көзделіп отыр.

Жиынды қорытындылаған үкімет басшысы тиісті минситрліктерге нақты тапсырма беріп оның орындалу мерзіміне де тоқталды.

Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады.Жаңа ұйым жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады.Қор креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамытумен де айналысады. Осыған байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізінде басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады.

Шынар Оразова