Қ. Тоқаев Шымкентті креативті индустрияның орталық қалаларының қатарында екендігін айтты 

25
фото Ел.кз

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрия өндірісіне қаржы тарту жолдарын жеңілдету қажеттігін айтты.

«Қазір креативті индустрия орталықтары үш ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент) шоғырланған. Өңірлер бұл тұрғыда назардан тыс қалып отыр. Мұны түзету керек. Таланттарды тартатын шығармашылық индустрияның орталықтары әрбір облыс орталығында, әрбір ірі қалада болуға тиіс. Ол орталықтар қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелеріне көмектесу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.