Аялдамада есірткі шегіп тұрған жерінен қолға түсті

фото ТОПД
Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысының алдын алу бойынша күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізуде. Мәселен осы шараларды жүргізу барысында, Созақ ауданындағы аялдамалардың бірінде темекі шегіп тұрған ер адамның әрекеті полицейлерге күдік тудырды.
Содан соң оны тінту кезінде, ер азаматтың шалбарының қалтасынан өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылды. Анықталған өсімдік тәркіленіп, сараптамаға жолданды.
Қорытындысына сәйкес, табылған зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.