Әскери бөлімде жылжымалы кітапхана ашылды

фото ТОӨКҚ
Түркістан қаласында «Ұлттық кітап күні» аясында ҚР Ұлттық Ұлан 5574 әскери бөлімінде «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ашылды. Жоба — кітап оқуды кеңінен насихаттау және әскери қызметкерлердің рухани дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
Кітапхана — әскери қызметкерлердің бос уақытын тиімді пайдалануына, көркем, танымдық және патриоттық бағыттағы әдебиеттерді оқуына жағдай туғызбақ.
Шара кітапты ұлықтау арқылы әскери ортада оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жылжымалы пункт тек әскери қызметкерлердің рухани сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал ететін болады.