Түлкібас ауданында асық ату спортынан жекелей облыстық чемпионат өтті. Екі күнге созылған жарысқа өңірдегі аудан-қалалардан келген 70-тен астам спортшы бақ сынады.
Турнир ұлттық мұраны дәріптей отырып, ұлттық ойынға деген құрметті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, республикалық «Алаш сақасы» турниріне үздіктерді іріктеліп, ересектер арасындағы ҚР чемпионатына Түркістан облысы құрамасын жасақталмақ.
Нәтижесінде асық атудан ұлдар арасында бәйдібектік Абай Жарқынбекұлы 1-орынды иеленсе, созақтық Амандос Айтқұлов 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, облыстық ұлттық спорт мектебінен Мұса Биболсын мен бәйдібектік Сәулет Мырзахан 3-орынға ие болды. Ал, қыздар арасында бес асықтан 1-орынды облыстық ұлттық спорт мектебінен Айдана Есембекова жеңіп алса, 2-орынға түлкібастық Маржан Мирхамидова табан тіреді.
Жүлделі 3-орынға түлкібастық Айткүл Нәбиғалиқызы мен саурандық Сымбат Есембекова ие болды. Осы орайда жеңіске жеткен спортшылар алдағы додаларда өңір намысын қорғайтын болады.