Шартты түрде босатылған блогер қайта қамауға алынды

ТОСБҚ Сурет "Chat GPT" қосымшасындағы жасанды интеллектің көмегімен әзірленді
Түркістан қаласының ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған А.-қа қатысты ұсыным қаралды.
 
Ұсынымда, Сауран аудандық полиция бөлімі А.-тің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған.
Сотталған А. 2024 жылы соттың қаулысы негізінде ҚК-нің 72-бабына сай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген 2 жыл 11 күнін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Түркістан облысының Полиция департаметінің Сауран аудандық полиция бөліміне профилактикалық есепке алынған.
Профилиактикалық есепте тұрғанына қарамастан, А. 2024 жылы ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынған. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 5 рет тіркелуге келмегені және 4 рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталған.
 
А.-тің кінәсі туыстарының берген түсініктемелерімен, тиісті актілермен және куәлердің жауаптарымен толық дәлелденді. А. өз кінәсін ішінара мойындап, соттан өзіне тағы бір мүмкіндік беруді сұрады. 24 сәуір 2025 жылы сот қаулысымен:
Түркістан облысының Полиция департаментінің Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымы қанағаттандырылып.
А.-тің мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. А. сот залынан қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.