Шымкентте жылумен жабдықтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

фото СЖҚҚБҚ

Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты «Куатжылуорталык-3» МКК-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады.

Талдау барысында мекеменің қызметі, бюджетті жоспарлау және игеру, тарифтер, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру, жылу желілерін жөндеу және өзге де мәселелер қарастырылады.

Департаментінің қызметкерлерімен қатар, талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері де тартылады.

Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, kaldybaev.n@antikor.gov.kz электронды поштасына немесе WhatsApp арқылы 87715186834 нөміріне жолдауды сұраймыз.