Тәжік-Ауған шекарасындағы қайғылы оқиғаның орын алғанына 30 жыл толды. Осыған орай, Абай саябағында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерді еске алу шарасы өтті. Естелік митингке, ардагерлер мен қоғам қайраткерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері және жастар қатысты. Іс -шара барысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ұрқия апа, 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан баласы Қалмахан Бақбаевты сағынышпен еске алды. Артында өшпес із қалдырған баласы қыршындай жас кетті деп отыр. Күнде көзіне жас алған зейнеткер, баласының артында ұрпақ қалмағанына өкінеді.
Ұрқия Бақбаева, зейнеткер: «Балам 10 сыныпты бітірді. Өзіміздің ауылда. Өте жақсы оқитын. Анау-мынау бұзықтығы жоқ еді, өздері 4 бала болып жүретін. Қазір олар, үйленіп, үйлі-жайлы болып отыр. Келін түсірді. Ал, мені баламның атында түк те қалған жоқ. Суретінен басқа. Суретшіліктіі бітірді. Әскерге барды. Үш жыл оқып келді. Елеп ескеріп, шақырып тұрады. Үйге келіп, жағдай сұрап тұрады. Конфетін алып келіп тұрады. Гүлінен бастап әкеледі. Балам көпшіл еді. Ә.Қастеев деген мектепте істеп жатыр еді. Осындайға баратын болып қалыпты ғой. Ондайды білмейміз біз».
1995 жылы 7 сәуір күні, Шымкент қаласынан Ішкі әскердің 5485 әскери бөлімінің жиынтық ротасы Калай-Хумб қаласының ауданында орналасқан Пшихавр шатқалында моджахедтер тарапынан шабуылға ұшырады. Сладарынан, осы бөлімшенің 17 әскери қызметшісі ерлікпен қаза тапты. Бүгінде олардың ерліктері ұмытылмайды дейді ардагерлер.
Берік Омаров, Ардагер, оқытушы: «Жалпы айтқанда 30 жыл бұрынғы сарбаздардың ерлігі, біздің Отанымыз үшін өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі деп есептеледі. Оны Қазақстан халқы, бірге қызмет еткен офицерлер мен солдаттар ешқашан ұмытпайды. Олардың ерлігін, жастарды тәрбиелеуге, қолданып отырмыз».
Жиын барысында үлгілі қызмет етіп, көзге түскен бірқатар азаматтар марапатталды. Және шабуыл кезінде жастай ажал құшқан сарбаздың туыстарына құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Калай-Хумб қаласының ауданында орналасқан Пшихавр шатқалында моджахедтер шабуыл жасаған. Осы шайқаста 17 әскери қызметші қаза тапқан.
Нұргүл Жолымбетова