Автокөлік ұрлаған ұры ұсталды

фото ШПД
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы оқиға 14 мамырда орын алған. Жүргізуші полициямен көлік құралы ұрланғаны туралы хабарлама бойынша тоқтатылды. Полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысып, көлікпен қозғалысты жалғастырмақ болған ер адам полиция қызметкерлерінің ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Автокөлікті ұрлау жайты бойынша тексеру барысында арызданушы, ұсталған ер адам өзінің жақын туысы екенін және оған ешқандай шағымы жоқтығын жеткізді.
Құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін жауапқа тартылды.
Қазіргі таңда ол әкімшілік қамауда.