Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ұлттық араздықты тудыру белгілері бар видео анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабымен “әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер” қылмыстық іс тіркелді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.