Есірткі жарнамасын QR-коды арқылы таратқандар ұсталды

gov.kz

Шымкент қаласында есірткі заттарын сатумен айналысатын онлайн-дүкенге апаратын «QR»-коды бар жарнамалық парақшаларды таратқан екі азамат ұсталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы (есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды заңсыз жарнамалау немесе насихаттау) бойынша тергеу басталды, күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарын тұтынудан аулақ болуды қатаң ескертеді.

Сондай-ақ есірткіні насихаттау және жарнамалау ауыр қылмыс болып табылатыны және 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының көзделгені назарларыңызға ұсынылады.