Шымкент қаласындағы асфальт-бетон зауыттарының көпшілігі өнім шығаруға дайын емес. Ұлттық сапа орталығы үшінші мегаполистегі асфальт-бетон зауыттарының дайындығын зерттеп, сапа стандарттары мен ережелеріне сәйкестігін тексерді. Нәтижесінде, 18 асфальт-бетон зауытының жұмысын зерттеліп, 5 зауыт қана өнім шығаруға дайын екені анықталды. Қалған 13 зауытқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талаптарға сай болу керектігі айтылды.
Ерлан Төребаев, «Ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚФ материалдар бойынша инженері: «Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловтың тапсырмасына орай, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШҚФ қаламыз аумағында орналасқан 18 асфальт-бетон зауытына зерделі түрде тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде қаламызда орналасқан 5 асфальт-бетон зауыты асфальт-бетон өнімдерін шығаруға дайын. Ал қалған 13 зауыт дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр».
Айта кету керек, жолдың ұзақ мерзімге төзімді болуы асфальт-бетон шығаратын зауыттарға тікелей байланысты. Егер өнім белгіленген стандартқа сай болса, жол тек тегіс қана емес, берік те болады дейді мамандар.
Нұргүл Жолымбетова