Шымкентте Freedom Bank-тің жаңа флагмандық бөлімшесі ашылды. Кеңсе Д. Қонаев даңғылы, 31Б мекенжайында орналасқан. Мұнда екі операциялық зал, электронды кезек жүйесі, VIP-клиенттерге арналған екі жеке қызмет көрсету аймағы, банкомат және автотұрақ қарастырылған.
Жаңа бөлімше — жаңа серпін. Freedom Bank бүгінгі ашылу рәсімінде әр қонаққа ерекше көңіл бөлді. Жылы қабылдау, жайлы орта, кеңсені таныстыру экскурсиясы және ерекше қонақ — робот көпшіліктің көңілінен шықты. Мұның бәрі банктің әр клиентке қамқорлықпен қарайтынын көрсетті.
Алпысбай Қожақов – Freedom Bank-ке сенім артқан тұрақты клиенттердің бірі. Ол банктің қызмет көрсету сапасына, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен клиентке деген ілтипатына дән риза. «Цифрлық шешімдер мен жеке көзқарас – банкке деген сенімді күшейтеді», – дейді ол.
Алпысбай Қожақов, Freedom Bank клиенті: «Бұл банк қызметкерлері – жас, прогрессивті және технологияға толықтай бейімделген. Олардың кәсіби деңгейі жоғары, онымен жұмыс істеу – қуаныш. Меніңше, Freedom Bank-тің алдағы жолы жарқын».
Freedom Bank-тің жаңа кеңсесінде азаматтар мен кәсіпкерлерге барлық банк қызметтері ұсынылады.
Қайсар Иманғалиев, Freedom Bank-тің басқарушы директоры: «Кәсіпкерлерге айтарым, сіздер жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларға біздің банк арқылы қол жеткізе аласыздар. Сондай-ақ, бізде әртүрлі қызықты, тиімді банктық өнімдер бар. Ол — суперкарталар, депозиттік карталар. Цифрлық ипотека. Ол — Қазақстанда, әлемде тұңғыш рет пайда болған цифрлық өнім. Күрделі өнім. Оның барлығы мемлекеттік цифрлық сервистардың дамуы аясында біздің банк те сол өнімді шығарып, халыққа ұсынып отыр».
Freedom Bank аз уақыт ішінде Қазақстан нарығында теңдесі жоқ бірқатар цифрлық шешімдерді ұсынды. Клиенттер арасында ең жоғары сұранысқа ие өнімдердің бірі – ЖК мен ЖШС-терге арналған цифрлық несиелер. Бұл қызмет түрі инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын толықтыру үшін ұсынылады, әрі небәрі 24 сағат ішінде, 100 миллион теңгеге дейін рәсімделеді.
Сонымен қатар, банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аясындағы мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнеске қолдау көрсетіп келеді. Шымкенттегі жаңа бөлімше – клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту және банк позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам.
Басқа да мәліметтер қажет болса сілтеме арқылы өтіп bankffin.kz/kk таныса аласыздар.
Мекен-жайы: Д. Қонаев даңғылы, 31Б
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 ҚНРДА лицензиясы