Халықтың өмір сүру ұзақтығы 0,9 жылға ұзарды. Оның ішінде шымкенттік тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 77,2 жылды құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице министрі мәлімдеді. Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, үшінші мегаполисте өлім-жітім көрсеткіші азайып отыр. Айтуынша, медицина саласы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді.
Шымкент қаласында халық денсаулығына қатысты оң динамика байқалуда. Қаладағы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда азайған. Мамандардың айтуынша, мұндай мүмкіндікке, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, профилактикалық шараларды күшейту және алғашқы медициналық-санитарлық қызметті дамыту нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Нақтырақ айтар болсақ, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу органдары және қатерлі ісіктер сияқты кең таралған аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштері біршама төмендеген.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: » Шымкент қаласының жалпы өлім-жітімі, өткен жылы 9 пайызға төмендеген. Оның ішінде қанайналым жүйесінен өлім-жітім 2,5 пайызға, тубекулезден 77 пайызға, жарақаттар 13 пайызға төмендеген. Осы жылы ана өлмі болған жоқ. Өткен жылы нәресте өлімі 32 пайызға төмендегенін байқап отырмыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін, біраз жұмыстар жүрігзіп жатыр. Оның ішінде бағдарламаларды оңтайландыратын, пациенттерді ағынын бөлу бойынша бұйрықтар қабылданған. Дербес мейірбикелік тәжірибикелер енгізілген. Ол дегеніңіз, мейірбикелерде науқастарды қабылдай алады».
Бұл жаңашылдық емханалардағы жүктемені азайтып, дәрігерге дейінгі көмекті жылдам әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді дейді вце-министр. Бұдан бөлек, мемлекеттік емханаларда скрининг тегін жүргізіледі және ол белгілі бір жас топтарына арнап жоспарланған. Мәселен, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісік сияқты кең таралған және қауіп тудыратын ауруларға қарсы тексерулер жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Скринингтің қолжетімділігін арттыру мақсатында, қазіргі уақытта нымсаналы топтардың жасын 76 дейін жоғарылатылды. Осы жылдан бастап, 50 жастан асқан ер азаматтарға екі жылда бір рет мойын, бастың артерияларын тексеру скринингі жүріп жатыр. Ол инсулттің алдын алу үшін. Ол тегін. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап, барлық скрининг тегін кепілдендіріліген сақтандыру жүйесі бойынша берілетін болды.
Қазіргі таңда мобильді клиникалар мен цифрлық денсаулық сақтау технологиялары енгізіліп, медициналық қызмет көрсетудің ауқымы кеңейіп келеді дейді вицеминистр. Сондықтан, кез-келген бастама халыққа медициналық көмекті қолжетімді әрі тиімді етуге бағытталған деп отыр.
Нұргүл Жолымбетова