Úı ANONS Балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 70 пайызға азайған

Балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 70 пайызға азайған

Елімізде балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны төмендеген. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері мәлімдеп отыр. Қазіргі уақытта елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелет жасына дейінгі 23 000-нан астам бала бар. Бір қуантарлығы, олардың 19 000-нан астамы жаңа отбасын тауып үлгерген.

Дулат Жекебаев, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы: «Нәтижесінде, балалар үйлерінің жалпы саны төмендегені байқалады. Ол 10 жыл ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 70 пайызға, 14 000-нан 4193-ке дейін қысқарды. Бұл ретте балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52 пайызға қысқарды».

Ал өкініштісі, жылына 1000-нан астам қазақстандық ата-ана құқығынан айырылады екен. Баласын бауырына басу құқығынан айырылғандардың басым бөлігі маскүнемдер.

Меруерт Ахан