Тәртіп сақшылары жоғалған екі баланы іздеп тапты

фото ТО ПД
Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, екі бірдей баласы күндізгі уақытта үйінің ауласынан шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, көмек сұрады. Ақпарат түсе салысымен полицейлер дереу жедел-іздестіру шараларын бастап, бүкіл аудан аумағында жұмыс жүргізді.
Тәртіп сақшыларымен 4 сағат бойы жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже беріп, 4 және 6 жастағы балалар кеш қарайған уақытта табылды. Анықталғандай, ойыны қызған ағайынды кішкентайлар үйлерінен 4 шақырым қашықтыққа алыстап кеткен.
Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, ата-анасына табысталды. Олардың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.