Жел электр станциясын салуға арналған ақшаны жымқырған экс-депутаттарға сот үкімі шықты

фото egemen.kz
Астанада мəслихаттың экс- депутаттары А.Б мен Д.М-қа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды. Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.
2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасқан. Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.
Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты. Соттың санкциясымен 13 млрд. теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.
Сот үкімімен Б. кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, М-қа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды.
Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады.