2,3 млрд теңге. Бұл «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларына берген заңсыз қаражаты. Клуб басшылығы ойыншылармен келісімшарт жасап, мемлекет қазынасы мен демеушілердің ақшасын оңды-солды жұмсаған. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Қазіргі таңда бұрынғы басшыға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы 2023–2024 жылдар аралығында 18 ойыншымен келісімшарт жасап, жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсағаны белгілі болды. Оның ішінде тек 2023 жылы шетелдік легионерлерге төленген қаражат көлемі 1,9 миллиард теңгені құраған. Қазіргі таңда, клубтың бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Шынар Қаршығақызы, Қалалық Прокуратурасының аппарат басшысы: «Не үшін алған ақша? Қайда, кім-кіммен бөлісті? Қайда жіберді? Қылмыстық іс болған соң, бәрін тексереді. Заңсыз бонус алғанын растайсыз ба? Анықталды. Прокуратураның өзі тексеріс жүргізді. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалды».
Естеріңізде болса, 2025 жылдың наурыз айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Асхат Тағыбергеннің ай сайын 20 миллион теңге жалақы алатынын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін спортшы қоғамда қызу талқыға түсіп, даудың ортасында қалған еді. Мұнан соң, ақпан айында Асхат Тағыбергеннің «Ордабасы» клубымен келісімшарты өзара келісім бойынша мерзімінен бұрын тоқтады.
Ал, келісімшартқа сәйкес, ойыншы өзі клубтан бас тартса, айыппұл арқалауы тиіс еді. Егер, мекеме басшылығы келісімді бұзса, өтемақы төлеу керек болатын. Бірақ, екі жақта шығынсыз құтылған. Бұл туралы бұрынғы қалалық спорт басқармасының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір бұрынғы ойыншалармен қош айтысып, орнына жергілікті жастарды алған.
Маратбек Мықтыбеков, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Асхат Тағыберген де, клубта ешқандай айыппұл төлеген жоқ. Екі жақтама келісіп, келісімшарт айырылды. Мен басқарған кезде тексеру жүрді. Оны ешкім жасырған жоқ. ФИФА-ның қорғауымен контракт жасаған спортшылардың барлығы солардың қарауында болған. Бонусты да, барлығын Президент федерециясы өздері жеке шешкен болатын».
Асхат Тағыберген «Ордабасы» клубымен ғана емес, ұлттық құрамаданда кетті. Ол, футболшы мансабын 37-38 жасқа дейін жалғастыруды жоспарлаған еді, бірақ соңғы шешіміне байланысты ұлттық құрамамен қош айтысты.
Қазіргі уақытта «Ордабасы» футбол клубының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жалғасуда. Қаржының негізсіз жұмсалып, талан-таражға түскені расталса саладағы бірқатар азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы әбден мүмкін.
Нұргүл Жолымбетова