Автобус бағыттары уақытша ауысады

фото ШӨКҚ
Қала күніне орай «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға байланысты Назарбаев даңғылының көлік қозғалысына жабылатынына орай кейбір қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Атап айтқанда: Назарбаев даңғылы бойындағы “Метро” аялдамасынан келесі 9 бағыттағы автобустар жүреді:
№15, №27, №42, №54, №75, №92, №113, №150, №207
Шаяхметов көшесіндегі “Іскерлік әкімшілік орталығы” аялдамасынан келесі 7 бағыттағы автобустар қатынайды:
№3, №10, №42, №67, №75, №92, №150
Сонымен қатар, аталған маршруттар 00:00-ге дейін жүреді.
Қоғамдық көлікті пайдалану кезінде ыңғайсыздықтар туындамас үшін, бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.