Ағымдағы жылы уақытша жұмыс орындары көп ашылмақ

106

Биыл нарықта тұрақты жұмысқа қарағанда уақытша жұмыс орны 2,6 есе көбірек ашылмақ. Еңбек министрлігінің өкілдері биыл 444 мың жұмыс орны ашылатынын айтты.

Оның 322 мыңы уақытша, маусымдық еңбекке араласатындарға арналған. Кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша 20 мың тұрақты қызмет пайда болады.

Жұмыспен қамту орындарына 70 мыңнан аса адам жұмыс іздеп жүгінген. Былтыр еңбек нарығында 320 мың адам уақытша еңбекке араласса, 32 мың 900 адам маусымдық жұмыс істеген.

Шынар Оразова