Нан құрамындағы тұз денсаулыққа зиян

фото Регистан

 

Нан өнімдерінің құрамында тұзды жоғары денгейде тұтыну семіздік, ІІ типті қант диабеті және онкологиялық аурулардың кейбір түрлері, артериялық гипертензия, инсульт, инфаркті қоса алғанда жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына әкеп соғады. Бұл медицина ғалымдары тарапынан дәлелденіп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанда тұзды тұтыну әлем бойынша ең жоғары деңгейде. ДДҰ ұсынған межеден қазақстандықтар тәуліктік дозадан 3 еседен артық мөлшерде қолданып келеді. Демек біздің елдің әр тұрғыны кем дегенде тәулігіне 17 грамм тұз пайдаланады екен. Негізінен күніне 5 грамм тұз тұтыну керек. Мамандардың айтуынша, тағам өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайтуды жаппай тұтыну өнімі ретінде наннан бастау неғұрлым тиімді болып отыр. Ата-аналар балаларына тұз бен дұрыс емес тамақтанудың зияны туралы түсіндірулері қажет. Бүгін дұрыс тамақтана отырып-біз көпжылдарға денсаулығымызды сақтауға көмектесеміз.

Г.Шонжанова,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының
санитариялық эпидемиологиялық бақылау
басқармасы бас маманы