Шаһар басшысы қала тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өз уақытында шешімін табуға тырысып жатыр. Бірақ, кейбір қордаланған мәселелерді араға уақыт салып реттеуді сұрады. Мәселен, Әл-Фараби ауданының тұрғындары жолаяқ салып беруді сұраса, енді бірі, үйіне кірер жол таппай жүр.
Әкімнің кезекті кездесуі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен өтті. Қала басшысымен бетпе-бет келіп мәселесін шешіп беруді сұраған тұрғындардың саны көбеймесе, азаймай отыр. Сағаттап тұрып, сауалын жолдап, жағымды жауап алғандарда бар. Ал, кейбірінің мәселесі, кейінге де қалдырылды. Өйткені, түсіткілді мәселенің тігісін жатқызуға уақыт қажет. Мәселен, Ю.Гагарин көшесіндегі 112 үй апатты деп танылған соң, тұрғындар жаппай көшірілген. Дер кезінде құжаттарын түгендей алмаған 16 отбасы Өзбек көшесіне орналастырылған. Алайда, баспана отбасымызға тарлық етіп, тар жерге тамаша болдық деп отыр.
«16 отбасы апатты дегенге дейін құжат істеп үлгерді. Ал бірақ, біз үлгере алмай қалдық. Бізді Өзбек көшесі, 40 қа орналастырды. Әшірбаева деген бар еді. Қазірі орналастырған жеріне сыймаймын».
«Барыңдар, көріңдер. Кейін хабарын айтасыздар».
«Тәуке хан және Ғ.Ілияев, тротуардың бәрін алып тастаған. Прокуратура қақ ортасына өзіне ограждение қойған».
Ал, Арғымақ шағынауданының тұрғыны Райхан Мұқанғалиева отбасыммен қоршауда қалдым деп отыр. Оның үйіне кіретін жол жоқ екен. Талай жылдан бері, әкімдіктің есігінде тоздырған. Алайда, мардымды жауап ала алмадым деп отыр.
Райхан Мұқанғалиева, Қала тұрғыны: «Мен үйге кіретін жол жоқ. Менің участогім ортада қалып кеткен. Соны архитектура мен жер бөлімінің кемшілігі. Мына участікке қалай кіреді. Вертолет жалдап бересіздер ме? Мен осы мен 2020 жылдан бері жүрмін. Арман ағай, сіз айттыңыз. Маған смета істеп қойыпты».
Бұдан бөлек, жиын барысында инфрақұрылым, жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер талқыланды. Әкім көтерілген сұрақтардың назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Нұргүл Жолымбетова