Мемлекет пәтер жалдап береді

128

Мемлекет пәтер жалдау ақысын төлеп береді. Бұл жеңілдік жағдайы төмен отбасыларына тиесілі. Президент жолдауы талқыланған брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді.

Айтуынша, қолдаудың тәртібі биыл жыл соңына дейін бекітіледі. Статистика бойынша, елімізде 530 мыңға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр. Олардың пәтер жалдау ақысын субсидиялау туралы тапсырма президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауында айтылған еді. Соған сай, алғашқы жылда 100 мыңнан астам отбасы осындай көмек алуы тиіс.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «Ол үшін отбасылық табыс әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 32 668 теңге болу керек. Мұқтаж адамның мәртебесін растаған жағдайда ұзартылумен жалға алу мерзімі 5 жылға дейін. Жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы 40-тан 80 ш. м-ге дейін барады. Бірақ жалға алу құны әр аймақтың өз ерекшеліктеріне байланысты анықталады».

Мақпал Рысбаева