Рәміздер күнінде мемлекеттік ту 100 метрлік тұғырға көтерілді

4 маусым Рәміздер күніне орай қаланың ең биік ту тұғырында көк байрағымыз көтерілді. Ал тудың ұзындығы 30 метрді құрайды. Салтанатты шарада мемлекеттік нышан — әнұран орындалып, Елтаңбаға де ерекше құрмет көрсетілді.

Бүгін Шымкент қаласының жаңа ту тұғыры алаңында Мемлекеттік рәміз — көк байрақ салтанатты түрде көкке көтерілді. Бұл шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылды. Әскери оркестр қызметкерлері бұл сәтке тыңғылықты дайындалғандарын жеткізді.

Жандос Сатенбаев, 35748 әскери бөлімінің оркестр бастығы: «Мен үшін маңыздылығы өте жоғары, енді рәміздер күніне, бір мезетте республикадағы барлық қалаларда, облыстарда ту көтеріліп жатыр, соған бізде дайынбыз!».

Рәміздер күніне арналған мерекелік жиынға қала тұрғындары белсене қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, жастар, ардагерлер мен қала қонақтары бар. Барлығы да бұл күннің ел үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.

«Шымкент қаласының түрғындары! Бүгінгі рәміздер күнімен құттықтаймын! Мынау көтерген туымыз әр уақытта түспесін, жоғарыда көтеріле берсін
Еліміз тыныш,балдарымыз бақытты өмір сүрсін. Тудың астында желбіреп жүре берейік!».

«Қазақстан Республикасы еліміздің рәмізде күні құтты болсын! Қазақстан жасасын, бүгінгі мерекемен барлық Қазақстандықтарды құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, Шымкент жасай берсін!

«Бүгінгі күн – өте маңызды күндердің бірі, себебі бүгін – Қазақстан Республикасының рәміздері күні. Бұл — мемлекеттің тәуелсіздігін, дербестігін білдіретін ерекше мереке».

Жаңа ту тұғырының биіктігі – 100 метрді құрайды. Ал бүгін көтерілген көк байрақтың ұзындығы – 30 метр. Мамандардың айтуынша, бұл – қаладағы ең биік нүкте, көк байрақ алыстан анық көрінеді.

Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы: «Еліміздің ең басты мерекесі — Мемлекеттік рәміздер күнінде осы Шымкент сити аланындағы ең биік ту тұғырында мерекелік іс-шарамызды бастап отырмыз. Мерекелік іс-шарамыз бұнымен бітпейді, яғни мұнда ең биік ту көтерілді, мыңдаған адам жиналды, 2000 кішкентай флаг таратылды, 200 үлкен флаг жиналды, әнұран бір мезетте орындалды».

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Қаланың бірнеше аумағында мәдени-рухани бағдарламалар жалғасады. Арбат алаңында арнайы конкурс ұйымдастырылса, ShymCity саябағында патриоттық әндер шырқалады.

Әсел Мәлік