Талапкерлерді университетке қабылдау науқаны басталды

Еліміздегі жоғары оқу орындарда талапкерлерді қабылдау науқаны басталды. Құжат тапсыру ісі биыл да дәстүрлі форматта жүзеге асып жатыр. Біздің түсірілім тобы Шымкенттегі Ж.Тәшенов университетінде өтіп жатқан қабылдау акциясысында болып қайтты.

Бүгін еліміздің жоғары оқу орындарында талапкерлерді қабылдау науқаны басталды. Биыл да құжат тапсыру ісі дәстүрлі форматта жүзеге асып жатыр. Ал, талапкерлерге бағыт-бағдар көрсету үшін оқу орындарында арнайы мамандар жұмыс істейді. Шымкенттегі Ж.Тәшенов университетінде де қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алғашқы үш талапкерге оқу орда әкімшілігі естелік сыйлықтар тарту етті.

Дінсұлтан Төлбасы,  талапкер: «Ж. Тәшенов университетін таңдаған себебім спорт және дене шынықтыру факультетінен жақсы университет деп, өзім іздестіріп, таныс адамдардан білдім. Сол себептен осы универді таңдадым. Болашақта осы мамандық арқылы спорт арқылы жаттықтырушы боламын деп ойлаймын».

Ж.Тәшенов университеті 51 бакалавриат, 12 магистратура бағдарламасы бойынша білім береді. Студенттер үшін оқу орнында барлық жағдай да жасалыпты. Сондай ақ, оқу ақысы да қолжетімді дейді жауаптылар.

Ғалымжан Битұрсын, Ж.Тәшенов университетінің проректоры: «Биылғы жоспарымызда 600 грант аламыз деп отырмыз. 4000 студентті ҰБТ сертификаты бойынша қабылдайын деп отырмыз оған қоса, шетелдік студенттерді де қабылдау жоспарда бар. ҰБТ-ны тек қазақстандықтар тапсырады. Оның шетелдіктерге қатысы жоқ. Оларды біз сұхбаттасу арқылы қабылдай береміз».

Университет басшылығы биылғы қабылдау науқанында 4 мыңға жуық талапкерді қабылдауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, өткен жылы бұл білім ордасын шамамен 3 мың студент сәтті аяқтап, диплом алған еді.

Лаура Бабас