Университет оқытушыларының жалақысы артуы мүмкін

28
Қазақстан иеженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде лингвистикалық мектеп жұмыс жасауда

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджет жобасына арнайы түзетулер ұсынды. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды.

Бұған дейін президент жоғары оқу орындарының профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша үкіметке бірнеше рет тапсырма берген еді.
«Оқытушылардың жалақысын арттыру үшін бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек. Сондықтан түзетулерімізге байланысты комитет депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін грант құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриат сомасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берді», – деді мәжіліс депутаты Аймағамбетов.
Айтуынша, бұл қадам оқытушылардың жалақысын 40%-ке дейін көтеруге мүмкіндік береді.
Депутат осы шешімдер бойынша соңғы нүкте мәжілістің жалпы отырысында қойылатынын атап өтті.