Әскери борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіт перроннан қашып кетті

фото tripadvisor.ru

Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ө.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Ө. 2025 жылдың 25 мамырында сағат түнгі 00:30 шамасында,Түлкібас теміржол станциясының перронында, әскерге шақырылған досымен қоштасу барысында, полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсылық танытқан.
Нәтижесінде әскерге шақырылған тұлға поездан қашып кеткен.
Сотта, құқық бұзушы Ө. кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
16 маусым 2025 жылы сот қаулысымен:  Ө. кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде, яғни 117 960 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.