Балық аулаймын деп, бас бостандығынан айырылды

фото ТОПБҚ

 Түркістан облысы Келес ауданының екі азаматы адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы, «Ямаха-40» маркалы моторлық қайығын, 80 метрлік ау-торын қолданып Шардара су қоймасынан жалпы 58-дана 53кг сазан балықтарын заңсыз аулап, мемлекетке жалпы 406 372,2 теңге материалдық залал келтірген.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Өз кезегінде сотталушылар кінәләрін толық мойындап,  оларға балық шаруашылығына қатысты белгiлi бiр лауазымды атқару немесе балық шаруашылығына қатысты белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға айыра отырып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеуге жазасы тағайындалып, ортақтасқан түрде мемлекет пайдасына 406 372,2 теңге келтіріліген залал соммасы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.