Кентау қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталса, 60 отбасы баспаналы болады. Осылайша шаһардағы үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланған.
Биыл Кентауда 60 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді. Қалада қазір екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысандардың жалпы ауданы — 1800 шаршы метрді құрайды. Мердігер мекеме өкілдері ғимаратты салу жұмыстары кезең-кезеңімен қарқын алғанын жеткізді.
Асан Нұрмұхамбет, учаске басшысы: «Бізде мына бөлме кухня, туалеті душы, мына жақта спальня, мына жақта холл, спальня ретінде қолданса да бола береді. Қанша бөлме бар? 30 квартира оның 18-і 3 бөлмелі, 12-сі 2 бөлмелі, қазір біз 2 бөлмелідеміз. 3 бөлмелікті көрсетейін. Мына жақта 3 бөлмелі. Бізде мынау кухня-студия. Мына жағы кухня, мына жағы студия. Ал бұл спальня, екіншісі де спальня ретінде қолдануға болады. Мұнда біз газын, стиральныйын қойып береміз. Өздері келіп жайғасады»
Құрылысы жүріп жатқан 60 пәтердің әрқайсысының аумағы 60 шаршы метрді құрайды. Мамандардың айтуынша, жаңа ғимараттың ішкі жоспарлануы заманауи талаптарға толықтай сай келеді. Алдағы уақытта қалада тағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй салу қолға алынбақ. Жергілікті билік бұл бастама арқылы баспана кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін кезең-кезеңімен шешуді мақсат етіп отыр.
Данияр Байсейітов, Кентау қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы: «Кентау қаласының тұрғындары арасында Отбасы банк салымшыларына кезекпен беріледі бұл үйлер. Мұнда құрылыс 30-дан 60 пәтер құрылысы жүріп жатқан. Қазіргі таңда 3 қабаттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде, сыртқы әрлеу жұмысы да қатар жүреді. Қазір 1 үй 60 пайызға, 2-інші үй 50 пайызға аяқталып қалды. Бұл бастама 2024 жылы тұрғын үй концепциясына сәйкес 2024 жылы біз 2 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп сатып алған едік. Енді тағы 2 тұрғын үй құрылысы маусым айында басталды».
Құрылыс қарқыны тұрақты. Жоспар бойынша қос тұрғын үй қыркүйек пен қазан айлары аралығында салынып бітіп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Әсел Мәлік