Түркістанда жылу электр орталығын модернизациялау жобасы қаралды

21

Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығында қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста өңірдегі жылу электр орталықтарының техникалық жай-күйі талқыланды.

Сондай-ақ облыс басшысына жылу желілерін жаңарту бойынша жобалар таныстырылды. Жалпы Кентау – Түркістан облысындағы моноқаланың бірі. 100 мыңнан астам халық қоныстанған қалада 347 көп қабатты тұрғын үй бар. 14 мың абонент орталықтандырылған жылуға қосылған.

Айта кетейік, Кентаудағы №5 жылу энерго орталығы 1934 жылы салынған. Мамандардың мәліметінше, негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған.