Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
А. 2025 жылдың 28 ақпанында түнгі сағат 04:00 шамасында Сарыағаш қаласы Жібек жолы — Жетісай тас жолының бойында, автотұрақ бекетінде орналасқан орындықта ұйықтап жатқан жәбірленуші Б.-тің қалтасынан 1 млн. 800 мың теңгесін жасырын түрде жымқырған.
Прокурор -сотталушыға шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші А.-ға кешірім беріп, жауаптылықтан босатуды сұрады.
А. кінәсін мойындап, жәбірленушімен татуласуына байланысты жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
А. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 44-бабына сай, А.-ға бас бостандығынан шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеті жүктелді. Үкім заңды күшіне енді.