ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шымкентке келді. Олар, жергілікті халық қалаулылары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Жиын барысында қоғамдағы түйткілді мәселелерге тоқталды. Оның ішінде, білім, құқық қорғау саласы, инфрақұрылым да бар. Сондай-ақ сенат депутаттары жиынға қатысушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, шешу жолдарымен бөлісті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкенттік халық қалаулылары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Олар, қоғамдағы айтулы мәселелерді тілге тиек етті. Мәселен, бюджет, су, салық кодексіне енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Сонымен қатар, сенат отырсында талқыланған, мақұлданған заң жобаларымен таныстырды. Бұдан бөлек, құқыққорғау саласындағы кейбір олқылықтардың орнын толтыру үшін, жергілікті полиция қызметінің жұмысы тоқтайтынын жеткізді. Мұнан соң, жиынға қатысушылар көкейтесті сұрақтарын жолдап, шешімін табуға көмек сұрады. Мәселен, қоғамдық кеңес мүшелері жекеменшік мектептегі кейбір жайсыз жайттарды баяндады. Яғни, білім ұясының мұғалімдері айлықты кеш алатын көрінеді.
«Кейбір мектердің 4-5 ай қаражат алмағандары бар. Істеп жатқан мұғалімдерге айлық беру керек. Балалардың тамағын беру керек. . Бұл жүйелі кемшілік болуы мүмкін. Бірақ, бұның шешуі болатын шығар. Жергілікті бюджеттің қаражат жетіспейді деп есептеймін. Жеке меншік мектепке республикалық бюджет қаржыландырып келген. Осындай мәселелер бар. Шымкентте жекеменшік көп екені ескерілмеген ғой. Басқа өңірлерде аз болуы мүмкін. Аймақтық ерекшелік болып тұр. Және өзіңізбен бірге ақылдасып, жұмыс істейміз».
Мұнан соң, депутаттар халықты жеке қабылдап, мәселесін тыңдады. Солардың бірі, Халитовтар отбасы. Ағайындылардың айтуынша, үйлеріне белгісіз бір адамдар баса көктеп кіріп, тыныштығын алған. Тіпті, алтын бұйымдары қолды болған. Сөздеріне сенсек, күдікті азаматтар полиция қызметкерлері көрінеді. Бірақ, өздерінің құжаттарын көрсетіп, таныстырмаған. Осыған орай, жәбірленушілер бірнеше рет арыз түсірген. Алайда, құзырлы орган өкілдері жауапсыз қалдырды деп отыр.
«Біреуді іздеп жүрміз деді. Келіп балаларды қорқытып кетті. Жай киіммен жүр. 102 шақырдық. Фиксировать етті. Сосын басқа квартираға келген. Алдап кірген. Біреуді іздеп жүрміз деген. Алтындарды ұрлап кеткен. Үш адреске бір адамның баруы. Бұл бір мәселе. Түрлі үй емес, ағайындыларға. Бірнеше рет арызданады. Бұған департамент тарапынан ешқандай іс-әрекет болмады».
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, жиында және қабылдауда көтерілген мәселелерді жинақтап, алдағы уақытта шешімін табуға әрекет ететін жеткізді. Сондай-ақ, барынша, қала халқының жағдайының жақсаруына ат салысамыз деп отыр. Ал, кейбір жандармен жергілікті әкімдікке кіріп, мәселені бірге қарауға шешім қабылдады.
Нұргүл Жолымбетова