Шымкент: Коммуналдық қызметкерлер құқық қорғау органдарының нағыз одақтастарына айналды

фото ШӨКҚ

Мемлекет басшысы айтқандай, әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл – ауқымы кең маңызды міндет.

Президенттің тапсырмасын орныдау және «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында Шымкентте коммуналдық қызметкерлердің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бастамасы белсенді түрдеге жүзеге асып келеді.
Бүгінгі құқықтық сауатты ұрпақ – ертеңгі әділетті қоғам. Шымкент бұл жолда табанды әрі кешенді жұмыс атқаруда.

Коммуналдық қызметкерлер құқық қорғау органдарының нағыз одақтастарына айналды.

Олардың ілтипаты мен қамқорлығының арқасында соңғы айларда қала көшелерінен есірткі жарнамасы бар 6598 граффити алынып, құқық қорғау органдарына 2500-ден астам құқық бұзушылық туралы хабарлама түсіп, нәтижесінде 1782 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 9 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның біреуі айыптау үкімімен аяқталды.
Белсенді азаматтық ұстанымы үшін Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов коммуналдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс білдіріп, марапаттады.

«Әрбір азамат өзінің айналасындағы тәртіп үшін жауапкершілікті сезінсе, мемлекет күшейе түседі.
Бірліктің арқасында бүгінде біз оның салдарымен күресіп қана қоймай, қылмыстың алдын алып жатырмыз, осыған байланысты Сіздерді коммуналдық қызметкер емес «тазалық сақшылары» — деп атауға толық негіз бар», — деді Ғабит Мұқанов.
Коммуналдық қызметшілердің тазалық пен тәртіпке қосқан елеулі үлесі ескеріле отырып бірлескен акция өткізілді, қаланың адам көп жүретін көшелері мен саябақтарын тазалауға 3900-дан астам тәртіп сақшылары мен коммуналдық қызметшілер шықты.
Құқықтық сауаттылық – тек заңды білу емес, оны күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу. Шымкент қаласында бұл ұғымды кеңінен насихаттау мақсатында мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен бастамалары негізінде жүйелі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Аталмыш іс-шара қауіпсіздік пен әділеттілік жолындағы қоғам бірлігінің символына айналды десек артық емес.