Тараптар татуласты: Көпбалалы отбасы өз үйінде қалатын болды

фото baq.kz
Шымкент тұрғыны ипотекалық компаниямен (АҚ) құны 13 миллион теңгеден асатын үш бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалдау шартына отырған. Ол жалдау ақысын уақытында төлеуге міндеттелді, бірақ 2 миллион теңгеден астам қарыз қордаланып қалған.
 АҚ қарызды өндіріп алу, жалдау шартын бұзу және жалға алушыны үйден шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
 Кәмелетке толмаған төрт баланың әкесі — жауапкер қарыз сомасына дауласпаған. Материалдық жағдайының қиындығын алға тартып, оны пәтерден шығармауды, қарызды өтеуге және дауды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беруді сұрады.
 Азаматтық кодекске сәйкес төлем кестесін бұзу жалдау шартын бұзуға негіз болып табылады. Сонымен қатар, жалға алушының даулы пәтерді уәкілетті органда және меншік құқығында тіркеуден өткізбеуі оны шығаруға негіз болып табылады.
 Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тараптар бітімгершілік келісімге келе алмаған.
 Сондықтан сот істі мәні бойынша қарап, талап қоюды қанағаттандырды: қарызды өндіріп алып, жалдау шартын бұзып, төрт баласы бар жауапкерді үйден шығару туралы қаулы шығарды. Алайда апелляциялық сатыда тараптар татуласып үлгерді.
 Шымкент қалалық сотымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
 Жасалған келісімдерге сәйкес, жауапкер осы үйде отбасымен тұруын жалғастыра отырып, салықтық қарызды өтеуге міндеттенді. Сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптары тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді. Ұйғарым заңды күшіне енді.