Түркістан облысында 183 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар

23

Түркістан облысында көпбалалы отбасы саны 183 мыңнан асты. Бұл статистиканы жергілікті билік жариялады деп хабарлайды 24.кз. Өңірде қазір «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлер саны көп.

Балалы үй базар демекші Қоштаевтар отбасы әдеттегідей мәре-сәре болып жатыр. Әулет үлкендері балаларға бос уақыт тиімді пайдалануды кішкентайынан үйретеді. Қазір оларды қолөнерге баулып жатыр.

Ақылбек ата мен Идоят ананың отасқанына 42 жыл болған. Көпке үлгі ерлі зайыпты жеті бала тәрбиелеп өсірген. Бақытты ата-әже 21 немеренің қызығына бөленіп отыр.

Идоят Сыдыққызы, «Алтын алқа»белгісінің иегері: «Маған көпбалалы ана болған ұнайды. Балалар – менің байлығым мен бақытым. Қазір олар өсті, менің немерелерім бар. Мен бұған өте қуаныштымын, біздің отбасымыз үлкейіп, өрісіміз кеңеюде. Ауызбіршілігіміз жарасқан отбасында күрделіктер шағын ғана мәселеге айналады. Біз біріккенде алпауыт күшпіз».

Түркістан облысының Келес ауданында соңғы жылдары демографиялық өсім жоғары. Мамандар мұның себебін халықтың әл-ауқатының жақсаруымен байланыстырады.

Гүлнұр Құралбаева, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: «Біз Келес ауданы халқының өсуін көріп отырмыз. Қазір біздің көп балалы аналарымыздың саны аудан бойынша 13 197 құрайды. Олардың арасында жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерлері бар. Мұндай әйелдердің саны-1 678″.

Ресми дерекке сүйенсек, өңірде халық саны өсуі бойынша көшбасында Жетісай ауданы тұр. Одан кейін халық саны көп аудан ретінде Сарыағаш және Сайрам аудандары бар.