Төлеби ауданында Сайрамсу өзенінен жүкті әйелдің денесі табылды

Түркістан облысы Қасқасу ауылында Сайрам су өзенінде 27 жастағы әйел суға батып, қайтыс болды. Марқұм отбасымен өзен жағасына демалуға барған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Бейресми ақпаратқа қарағанда, әйел жүкті болған.

«Төле би ауданы Қасқасу ауылы маңында Сайрамсу өзенінен 1998 жылы туған әйелдің денесі табылды. Марқұм туыстарымен бірге «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне демалуға барған. Ол белгісіз жағдайла өзенге құлап кеткен»
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Айта кетейік, қайғылы оқиға 29 маусым күні болған. Марқұмның денесін құтқарушылар кешке тапқан. Биыл Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кеткен, олардың екеуі – бала. Ал жыл басынан бері суға батып, қайтыс болғандар саны 39-ға жеткен.

Құтқарушылардың айтуынша, су қауіпсіздігін сақтамайтындар көп. Оларға заң талабына сай айыппұл салынып жатыр. Қазірдің өзінде салынған айыппұл көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық.

Дилара Иса