Жасөспірім автокөлікті рұқсатсыз айдап, полицейлерден қашып құтылмақ болған

фото ТОСБҚ
Түркістан облысының КТІЖМА сотымен О.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен айыпталған ісі қаралды. О. ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамау нәтижесінде, 15 жасар ұлы, 2025 жылы 20 сәуірде сағат 15:00 шамасында Сарыағаш қаласы, Самал м.а бойында «Hyndai Accent» маркалы автокөлігін рұқсатсыз басқарып, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, өзінің тұрғын үй ауласына кіріп, оқиға болған жерден қашпақшы болған.
О. өз кінәсін түсініп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 Сот қаулысымен: О. кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді. Айыппұл төленді.