Әлемдік кинофестивальдерді бағындырған шымкенттік режиссердің фильмі прокатқа шығады

Фильмнен кадр

Аруан Анартай – шымкеттік жас режиссер. Оның алғашқы толықметрлі фильмі Joqtau (Жоқтау) әлемдік аудиторияны бағындырды. São Paulo-дан Гонконгқа дейін, әртүрлі елдерде көрсетілген бұл туынды Колумбия кинофестивалінде бас жүлдені иеленген алғашқы қазақстандық фильм атанды. Сонымен қатар, фильм әйгілі Локарно фестивалінің бағдарламасына таңдалды.

Фильмнің оқиға желісі бойынша, жас ғалым Дархан жеті жылдан кейін өзінің
сүйген қызы Еленамен бірге елге оралады. Атасы Сағат оларды ауылға
саяхаттап қайтуға шақырады. Жолай олардың әрқайсысы өзіндік сынақтан өтіп,
бір-бірін түсіне бастайды.

Joqtau — режиссердің туған өлкесіне деген махаббатының көрінісі. Фильмде
үлкен мен кіші буын арасындағы қарым-қатынас және дәстүрді түсінуге
ұмтылыс бейнеленеді. Басты рөлді сомдаған Ермек Шынболатов та Түркістан өңірінен шыққан.

Арнайы шымкенттік көрермендер үшін режиссер мен басты рөлді сомдаушы
актер қатысатын арнайы көрсетілім өтеді.

Joqtau фильмі 7 тамыздан бастап бүкіл Қазақстан бойынша KINOPARK және
Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінде көрсетіледі.