Шымкентте қазақ вальсінің корольі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аталып өтті. Мерекеге орай «Бақыт құшағында» атты фестиваль ұйымдастырылып, қала халқын әуезді әнмен сусындатып, рухани әсер сыйлады.
Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған мерекелік шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Светлана Айтбаева, Жеңіс Ысқақова, Айжан Нұрмағамбетова және Заттыбек Көпбосынұлы сын жұлдыздар қатысты. Олар ұлы композитор ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Мөлдір Ондасынова, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары: «Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы болғандықтан оны кең көлемде атап өту әкімдіктің басты мақсаты. Әрине бұл іс-шаралардың мақсаты атамыздың рухани мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау, ертеңгі жас ұрпаққа жеткізу».
Қазақ вальсінің падишахы Шәмші Қалдаяқов өнер жолында 300ге жуық ән жазған. Қазақтың ұранына айналған «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» секілді туындылары ел руханиятының асыл мұрасы. Компазитор әндері көпшілік жадында мәңгі сақталып, әрбір азаматтың жүрегінде сақталған.
Батырхан Дәуренбеков, «Сақ» киностудиясының режисері: «Мен Арыстың жағасында өскенмін. Шәмші әндерін бәріміз тыңдаймыз, айтамыз. Ағамыз артына өшпес мұра қалдырған вальс королі дейміз. Шәмші ағамыздың аты мәңгі өшпесін, әні шарықтай берсін».
Сонымен қатар, мерекелік шарада Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының, Шымкент жастар театры мен орыс драма театрының дарынды әртістері, қалалық опера және балет театрының солистері өнер көрсетті. Нәтижесінде, қала тұрғындары, Шәмші Қалдаяқовтың жүрекке жеткен әуезді әндерін тыңдап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Сондай-ақ, ел рухын асқақтатып, жұртшылық сағына күткен күйді сезіне алды.
Ботакөз Әнуар