Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Шымкент қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Ата Заңым – Айбарым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елдің негізгі заңы – Конституцияның маңызын ұғындыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Шараға Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Камилхан Исмаилов қатысты.
Кездесу барысында қонақтар Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарына тоқталып, оның қоғамдағы орны мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құқықтық бағыттағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара диалог формасында өрбіді. Қатысушылар еліміздің заңдарына құрметпен қарап, құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын атап өтті.